Мұндай фактілер үшін қолданыстағы заңнамада қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Су тасқынына байланысты жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
755
оқылды

Вице-премьер министр Қанат Бозымбаев су тасқыны кезінде дүрбелең тудыратын жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Әлеуметтік желілерде түрлі жалған ақпарат таратылып, табиғи апатпен күресіп жатқан адамдардың жұмысына кедергі келтірді.

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, мұндай жалған ақпараттар қоғамда, әсіресе зардап шеккен өңірлерде жиі дүрбелең тудырады.

«Осындай жалған хабарламалардың немесе Төтенше жағдаймен күрес жөніндегі штабтардың жалған аккаунттарының барлық авторларына бұл ақпаратты жариялаудағы жауапкершілік туралы ескерткім келеді. "Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы" заң бар, оған сәйкес пайдаланушылар орналастырылған және таратылатын мазмұнның дұрыстығын тексеруге, жалған ақпаратты таратпауға, сондай-ақ мұндай ақпаратты және кез келген заңсыз мазмұнды жоюға міндетті. Тиісті құрылымдар мұндай жалған ақпаратқа талдау жүргізеді, қажетсіз дүрбелең тудырып, отандастарын алдаған кез келген азамат, өз әрекеттері үшін нақты ақы төлейтін болады», – деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Мұндай фактілер үшін қолданыстағы заңнама аясында қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.