Дохадағы әлем кубогі кезеңінде ерлерден 12, әйелдерден 8 спортшы Париж Олимпиадасына жолдама алады.
Нариман Қурбанов пен Милад Карими әлем кубогының финалына шықты
Фото: ҰОК
1,535
оқылды

Бүгін Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогінің соңғы кезеңі өтуде. Іріктеу кезеңінен соң бірнеше 4 қазақстандық гимнаст финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, гимнастикалық ат снарядында Нариман Курбанов іріктеуден екінші орын алып, финалға өтті. Ол 15.033 ұпай жинаған. 

Милад Карими мен Дмитрий Патанин еркін жаттығудан ақтық сынға өтті. Карими іріктеуді бірінші, Патанин үшінші орынмен аяқтаған. 

Әйелдер арасында Аида Бауыржанова да көзге түсті. Ол қол тіреп секіруден финалға жолдама алған сегіз спортшының қатарына енді. 

Айта кетелік, Дохадағы әлем кубогі кезеңінде Нариман Курбанотың Париж Олимпиадасына жолдама алу мүмкіндігі мол. Оған төртжылдық додасына бару үшін Катар төрінде үздік үштіктен көріну керек. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы - тайпейлік Ли Чи Кай. 

Ал Милад Карими лицензия мәселесін былтырғы әлем чемпионатында шешіп қойған болатын. 

Дохадағы әлем кубогі кезеңінде ерлерден 12, әйелдерден 8 спортшы Париж Олимпиадасына жолдама алады.