Адамға ұқсайтын гуманоид роботтар жасайтын компания Boston Dynamics енді электрлік робот ұсынды. Ол адамнан да «күшті, икемді және қозғалыс ауқымы шектеусіз» деп таныстырылды. Адам, қорықпайсың ба?
Адам жүре алмайтын жолдармен жүретін робот жасалды (видео)
Адам, қорықпайсың ба? Фото kartinki.pibig.info сайтынан алынды
1,886
оқылды

Робототехника өзінің жаңа өнімін көпшілікке ұсынғанын newatlas.com сайтындағы хабарламада айтылды. Жаңа роботтың мүмкіндіктерін Aikyn.kz америкалық технологиялық жаңалықтар платформасына сілтеме жасап түсіндіреді.

Жаңа робот айтарлықтай жеңіл және ықшам, шыдамды. Фото Boston Dynamics сайтынан алынды

Сәрсенбіде (17 сәуір) Boston Dynamics өзінің кезекті таңғаларлық өнімін Atlas электрлік гуманоид роботын таныстырды. Бұл компанияның кезекті деңгейдегі неғұрлым қуатты, епті және толық электрлік өнімі деп аталған. Адамнан күшті қорқынышты роботты енді Hyundai өзінің автомобиль жинау желісінде пайдалануды жоспарлаған.

Atlas роботы адам жасай алмайтын қозғалыстар жасайды. Бұған қуанамыз ба, қорқамыз ба? Фото Boston Dynamics сайтынан алынды

Осы аптада Boston Dynamics аяқ-қолдарын гидравликалық жетектердің көмегімен жылжытатын түпнұсқа Atlas роботымен қоштасатынын хабарлады. Оның орнына жақында Unitree компаниясы көрсеткендей, электрлік топсалы қозғалтқыштар қолданылатын болады. Жаңа технология гидравликалық қозғалтқыштарға қарағанда айтарлықтай жеңіл және ықшам, сонымен қатар үлкен жүктемеге шыдамды, майы ағып кетеді деген проблемадан құтқарады.

Роботтың электрлік ептілігін көрсететін өте қызықты видеоны қараңыз.

Atlas-тың жаңа ғана жарияланған толық электрлік нұсқасының толық сипаттамаларын компания жақын апталарда жарияламақшы. Boston Dynamics оның гидравликалық Atlas-қа қарағанда күштірек, икемді және төзімді екенін айтады.

Ол сондай-ақ адамға тән табиғи қозғалыс мүмкіндігінен асып түсетіндей іс-әрекеттер жасауға қабілетті. Берілген тапсырманы орындау үшін ең тиімді кез келген әрекеттер жасап, кез келген жолмен қозғалуға арналған. Компания «Atlas адам мүмкіндіктерінен асып түсетін жолдармен қозғалады», – дейді.

Ал мынандай роботқа қуанамыз ба, қорқамыз ба?

Компанияның айтуынша, тұтынушылардың қажеттіліктеріне бейімделген роботтардың жаңа ауыстырылатын ұстағыштары жасалады. Осындай алғашқы тұтынушылардың бірі Hyundai болған, ол роботты алдағы бірнеше жылда автомобиль өндірісінде сынамақ. Қазіргі уақытта жаңа Atlas роботы қашан коммерциялық қолданысқа енгізілетіні белгісіз.