Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, жаңбыр жауады: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
2,841
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ел аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман күтіледі.