Жедел-іздестіру шаралары аясында ұсталған Қазақстан азаматы 1990 жылы туған, бірнеше рет сотталған.
Қырғыз арнайы қызметі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ретінде тіркеуде тұрған қазақстандықты ұстады
564
оқылды

Қырғыз елі басылымының мәліметінше, қылмыстық құрам мен ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы іс-қимыл барысында МҰҚК-ге Қырғызстан аумағында шетел азаматының жасырынып жүргені туралы ақпарат келіп түскен, оның қылмыстық жоспарында бірқатар ауыр қылмыстар болған, соның ішінде тонау да бар, деп жазады Aikyn.kz.

"Жедел тергеу  шаралары шеңберінде бірнеше рет сотталған 1990 жылғы Қазақстан азаматы С.А. А. анықталып, ұсталды. 2022 жылдың қарашасынан бастап ол Қазақстан  құқық қорғау органдарының халықаралық іздеуінде болған",   деп хабарлайды басылым.

Жазадан құтылу үшін 2023 жылдың күзінде ер адам бақылау-өткізу бекетінен тыс жерде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қырғызстан аумағында жасырынған.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

2022 жылдың қараша айынан бастап ол Қазақстан құқық қорғау органдарының халықаралық іздеуінде болған.

Жазадан құтылу үшін 2023 жылдың күзінде бақылау-өткізу пунктінен тыс жерде ер адам мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қырғыз Республикасының аумағында жасырынған.

Қазіргі уақытта С.A.A. Қырғызстан Республикасы Әділет министрлігіне қарасты ИНС 21 мекемесіне орналастырылды, тергеу жүріп жатыр,  деп жазады Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері.