Синоптиктер алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
1,763
оқылды

Антициклон сілемі әсерінен еліміздің көптеген аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады,  деп жазады Aikyn.kz.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттар өтіп, өткінші жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауыл мен екпінді жел соғады.

Күндіз батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылы, солтүстік пен орталықта 20-28 градус жылы болады, ал еліміздің шығысында температура 17-25 градусқа дейін көтеріледі.