Шымкент спортшылары жыл басынан Қазақстан чемпионаттарында мол олжа салып жүр. Қала спортшылары түрлі спорт жарысында 254 алтын, 195 күміс, 249 қола медаль жеңіп алған.
Шымкенттік спортшылар ерлеп тұр
1,375
оқылды

Одан бөлек, Азия чемпионаттарында: 10 алтын, 9 күміс және 8 қола, ал әлем чемпионаттары мен кубоктарында: 3 алтын, 2 күміс, 4 қола (жалпы 9) медальға ие болды. Бұл туралы Шымкент қаласының Денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов баспасөз брифингінде атап өтті.

Бүгінде үшінші мега­по­лис­те 33 спорттық ұйым жұ­мыс істеп тұр. Оның 16-ы ба­лалар-жасөспірімдердің және біреуі мүгедектігі бар адамдарға ар­налған спорт мектебі. Одан бө­лек, жоғары спорт ше­бер­лі­гі­не арналған, Олимпиада ре­зер­він даярлау орталығы, кәсіби спорт клубы, су-спорт кешені мен мемлекеттік жеке әріп­тес­тік аясындағы спорт нысандары бар. Аталған мекемелерде спорт­­тың 74 түрі дамытылып ке­­леді. Оның 37-і олим­пиа­да­лық, 28-і олимпиадалық емес жә­не 9 ұлттық спорт түрлері. Сон­дай-ақ 18 490 спортшы оқу-жаттығу сабақтарын жүр­гізіп жатыр.

Айта кету керек, Шымкент қа­ла­сының 2021-2025 жылдарға ар­налған даму жоспары тіз­бесінде спорт саласы бойын­ша 4 нысаналы индикатор ая­сын­да денешынықтырумен жә­не спортпен айналысатын аза­маттардың санын жалпы ха­лықтың 50 пайызына дейін жет­­кізу қарастырылған. Со­ны­мен бірге халықтың 1 000 адам­ға арналған спорттық инфра­құ­ры­­лыммен қамтамасыз етілу ша­расы, денешынықтырумен жә­не спортпен жүйелі түрде ай­налысатын жастарды спорт­пен қамту қажет. Қазір үшінші ме­гаполисте құрылысы жүріп жат­қан №12 спорт мектебі жуыр­да пайдалануға берілмек. Ал құрылысына бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралған №15 спорт ме­ктебінің іргетасы таяу күн­дері қа­ланбақ. 

Соны­мен қатар биыл ба­ла­лар игілігіне ұсыны­ла­тын нысандардың қатарында Ең­бекші ауданы Еламан тұрғын ала­бында жеке кәсіпкер та­ра­пы­нан салынған «ЕЛАМАН» спорт кешені, SPORT LIFE ша­­ғын футбол орталығы да бар. 

Ермек Аманжолұлы биыл жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шақ­қандағы қаржыландыру жо­басына 2 млрд 866,0 млн теңге қар­жы қарастырылғанын атап өтті. Қазір жан басына нор­­ма­тив­тік қаржыландыру плат­­фор­ма­сында 109 кәсіпкер бі­ліктілік ірік­теуден өтіп, спорт­тың 17 тү­рінен 195 сек­ция­да 12 024 ба­ла­ны спортқа бау­лып жүр. Осы жо­ба аясында 328 жаттық­тыру­шы мен 200-ге жуық осы сала маманы жұ­мыс­пен қам­та­ма­сыз етіліп отыр. Жыл ба­­­­сы­нан бері қала тұр­ғын­дары арасында са­лауатты өмір сал­тын наси­хат­тау­мен қатар, бұ­­қара­лық спорт­ты дамыту, спорт­пен шұ­ғыл­дануға тарту мақ­сатында қала аума­ғын­да 97 спорттық іс-шаралар өт­кізіліп, оған 11 мыңнан астам адам қатысқан. Алдағы күндері кә­сіби мерекелер қарсаңында Спартакиада жарыстарын өт­кізу жоспарланып отыр.

Қалалық Денешынықтыру жә­не спорт басқармасы бас­шы­сы­ның орынбасары Ермек Дәр­ме­нов биыл жыл басынан бері 1 еңбегі сіңген жатты­қ­тыру­шы, 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 Қазақстан Рес­­публикасының спорт ше­бе­рі, 79 спорт шеберіне үміткер спорт­шылар дайындалғанын тіл­ге тиек етті. «Биыл Париж қа­ла­сында өтетін ХХХІІI жазғы Олимпиада ойындарына қа­ла­мыздың үміткер спортшы­ла­ры­мен өз құзіретіміз шегінде тиісті дайын­дық жұмыстарын жүр­гізіп жатырмыз. Бүгінде Олим­пиа­да ойындарына 5 спорт­шы­мыз (нысана көздеуден Никита Чирюкин, бокстан Сабырхан Ма­хмуд, Таеквондодан Аба­ба­киров Самирхон, семсерлесуден Алимжанов Эльмир мен Сертай Ерлік) жолдама жеңіп алды. Ал­дағы уақытта грек-рим кү­ре­сі, көркем гимнастика, стенд ату, әйелдер боксы, байдарка жә­не каноэда есу спорт түр­ле­рінен Олимпиада ойындарына 5 жолдама жеңіп алу жоспар­ла­нып отыр», – деп атап өтті Ермек Аманжолұлы.

Қазір Олимпиада ойын­да­рына үміткер спортшылардың ті­зімдері жасақталып, Олим­пиа­даға дейін қатысатын рей­тинг­тік және лицензиялық жа­­­­рыстары бекітіліп, спорт­шы­лар қызу дайындыққа кіріскен. 

Басқарма басшылығы бри­финг барысында бұ­қа­ралық ақпарат құралдары өкіл­­дерін алдағы күндері са­лы­натын спорт нысандарының қа­зіргі жай-күйімен де таныс­тыр­ды. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы