Қарсыластар мен басқа азаматтарды балағаттап қорлауға жол берілмеуі керек.
Балағат сөздер айтқан: «Ақтөбе» жанкүйерлері жауапқа тартылды
1,094
оқылды

Алматылық тәртіп сақшылары «Ақтөбе» ФК жанкүйерлерін әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, футбол жанкүйерлері Алматы қаласында балағат сөздер айтып, қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Құқық бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық, спорттық іс-шараларда өзін ұстау ережелерін бұзғаны, қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік шара қабылданды.

"Мұндай әрекеттер футбол жанкүйерлерінің атына ғана емес, бүкіл елдің абыройына нұқсан келтіреді. Өз командаларыңызға қолдау көрсету дұрыс, бірақ бәрі заң аясында болуы тиіс. Қарсыластар мен басқа азаматтарды балағаттап қорлауға жол берілмеуі керек", – деді ол.

Ресми өкіл қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелетін кез келген әрекет үшін жауапкершілік көзделетінін еске салды.