Қайғылы оқиға 6 мамырда болған.
Қазақстанның ең жас автошабандозы қайтыс болды
Фото: Instagram/sokol_international_circuit
1,707
оқылды

16 жастағы автошабандоз Анатолий Кин қайғылы жағдайда көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға 6 мамырда болған. Бұл туралы STK Sokol автодромының өкілдері Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"Бүгін Толик Киннен айырылып қалдық. Павлодар бағытындағы тасжолда болған апат салдарынан біздің чемпионаттың ең жас әрі сөзсіз ең талантты автошабандозы қаза тапты. Толя, сен өз арманына қарай бағыт алдың әрі сол арманға ұмтылуға деген адалдығыңның, сондай-ақ жақындарың мен достарыңның қолдауы арқасында үлкен биіктерді бағындырып, ең мықтылардың бірі болдың. Біз сені мақтан тұтамыз, сен біздің жадымызда 16 жасар Толя болып мәңгіге қала бересің",  делінген жазбада.