Қуат Хамитовтың еншісінде 24 жеңіс, 9 жеңіліс бар. Ал бір жекпе-жегі тең есеппен аяқталған.
«Қиын болды»: Қуат Хамитов ресейлік файтерден жеңілген соң мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/kuat__khamitov
6,535
оқылды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

11 мамырда Қуат Хамитов пен Александр Шлеменко Екатеринбургте (Ресей) өткен RCC 19 турнирінде кездескен еді. Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде (83,9 кг) өтті және үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде Шлеменко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (30-26, 30-26, 30-27). 

"Мен үшін алаңдаған және маған жанкүйер болған барлық адамға рақмет айтамын! Мен бабымда болдым, бәрі жоспар бойынша өтіп жатты. Бірақ 84 кг салмақта төбелесу мен ойлағаннан да қиын болғанын мойындаймын. Осы салмақта өзімді тексеру үшін бір жекпе-жек өткізіп көруім керек пе еді... Десе де бәріңізге қолдауларыңыз үшін рақмет!", – деп жазды Хамитов Instagram желісіндегі парақшасында. 

Cонымен бірге қазақстандық файтер келесі қарсыласын іздейтінін мәлімдеді. 

"Мен октагонға барынша тезірек оралып, жеңілісімді жапқым келеді. Егер 70-74 кг cалмаққа өтіп, жекпе-жекке шыққысы келетін 60 кг салмақтағы файтерлер бар болса, қуана келісемін", – деп жазды Хамитов Instagram Stories-ке. 

Айта кетейік, қазір Қуат Хамитовтың еншісінде 24 жеңіс, 9 жеңіліс бар. Ал бір жекпе-жегі тең есеппен аяқталған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.