Бүгін ауа райы қандай болады?
Бұршақ жауып, дауыл соғады: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: azattyq-ruhy.kz
797
оқылды

"Қазгидромет" РМК 16 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін ел аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклоны және соған байланысқан атмосфералық фронттар әсер етеді. Соған байланысты  найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады.

Ал республиканың солтүстігінде жауын-шашын жоқ, күн ашық.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыс пен орталықта тұман түседі.

Жетісу облысының Алакөл ауданында кей уақытта жел екпіні 30 м/с асады. 

Түнде Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2-3 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.