Байсерке ауылдық округінің тұрғындары 11 мамыр күні жол-көлік оқиғасы болған жол аумағында бағдаршам орнатып, жарық беруді талап етіп отыр.
Алматы облысының тұрғындары облыстық тасжолды жауып тастады
Фото: видеодан алынды
3,663
оқылды

Алматы облысы Байсерке ауылының тұрғындары наразылыққа шығып, облыстық маңызы бар «Алматы — Жетіген — Қапшағай су қоймасы» автомобиль жолын жауып тастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме асап.

Байсерке ауылдық округінің тұрғындары 11 мамыр күні жол-көлік оқиғасы болған жол аумағында бағдаршам орнатып, жарық беруді талап етіп отыр. 

Тұрғындардың сөзінше, олар аталған учаскеде үнемі жол қауіпсіздігіне қатысты күрделі мәселелерге тап болады.

жол
Фото: видеодан алынған кадр

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

«Осы жылдың 21 мамырында Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғындары 3-5 шақырым учаскесінде облыстық маңызы бар „Алматы — Жетіген — Қапшағай су қоймасы“ жолын жапты. Оларды талабы — бағдаршам орнату және қажетті жол инфрақұрылымын қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта облыстың уәкілетті органдары қажетті шараларды қабылдап жатыр», — деп хабарлады Алматы облысының әкімдігінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.