Қазіргі жолаушылар ұшағы Нью-Йорктен Лондонға 7 сағат 10 минут ұшады. Екі қаланың арасын 5 570 шақырым және Атлант мұхиты бөліп жатыр. Жаңа болашақтың ұшағы бұл қашықтықты небәрі 1,5 сағат ұшып өтеді.
Астанадан Лондонға 60 минутта жеткізетін ұшақ жасалады
Sky Magnetar ұшағы. Фото thesun.co.uk сайтынан алынды. Авторлығы: Oscar Vinals
2,764
оқылды

Америка мен Еуропаның арасында жолаушылар тасымалдайтын дыбыстан жылдам ұшақ туралы bgr.com сайты жазды. Aikyn.kz әуе тасымалында жолаушыларға арналған дыбыстан жылдам ұшақтар туралы шолу ұсынады.

Астанадан Лондонға 60 минутта жеткізетін Sky Magnetar ұшағының концепті. Фото thesun.co.uk сайтынан алынды. Авторлығы: Oscar Vinals

Ең алғашқы дыбыстан да жылдам ұшатын лайнер кеңестік ТУ-144 ұшағы болды. Бұл бірегей әуекемесі капиталистік және социалистік экономиканың бәсекесінен туған өнім еді. Оның максималды жылдамдығы 2 430 км/сағ болды. 

Ту-144 Алматы мен Мәскеу арасында жолаушылар тасымалдады, ол британдық-француздық Concorde-тан екі ай бұрын әуеге көтерілді. Кеңестік саяси билік өзгерген соң экономикалық жағынан тиімсіз ұшақтың қызметі тоқтатылады. 

Ең алғашқы дыбыстан да жылдам ұшатын лайнер кеңестік ТУ-144 ұшағы болды. Фото hi-news.ru сайтынан алынды

ТУ-144 ұшағының бірінші рейсі. Алматы әуежайы, 1 қараша 1977 жыл. Фото hi-news.ru сайтынан алынды

Ту-144 1975 жылы 26 желтоқсанда Мәскеуден Алматыға алғашқы рейсін орындады. Бұл рейс жолаушыларсыз техникалық сипатта болды.

Жолаушылармен алғашқы рейс 1977 жылдың 1 қарашасында ұшты. Ұшақ Мәскеу-Алма-Ата-Мәскеу бағытында 7 ай ғана ұшты. Осы уақытта ол 55 жолаушылар рейсін орындап, 3 284 адам тасымалдаған. 

Дыбыстан жылдам ұшатын әуе аппараттарының бірі Concorde болды. Ол Парижден Нью-Йоркке 8,5 сағаттың орнына 3 сағат 20 минут ұшатын. 2000 жылдың 25 шілдесіндегі қайғылы апаттан кейін оның да ұшуы тоқтатылды. Бұл 27 жыл бойы Атлантика арқылы Еуропа мен Американы жалғаған Concorde-тың соңғы рейсі болды. Қайғылы оқиғадан кейін 2 400 км/сағ жылдамдықпен ұшатын жолаушылар ұшағы әуеге көтерілмейтін болды.

Дыбыстан да жылдам ұшатын әуе аппараттарының бірі  Concorde. Ол Парижден Нью-Йоркке 8,5 сағаттың орнына 3 сағат 20 минут ұшатын. Фото Boom Supersonic сайтынан алынды

Алайда дыбыстан жылдам ұшатын жолдаушылар тасымалдайтын әуе аппараттарын жасау жалғасып келеді. Солардың бірі футуристік формасы бар ұшақ Нью-Йорктен Лондонға 90 минутта жетеді деген ақпараттар тарала бастады. 

Жаңа гипер дыбысты ұшақ 2000 жылы 113 адам құрбан болған қайғылы апаттан кейін әуе саяхатындағы бос орынды толтыру мүмкін. Жаңа дизайн Dyson компаниясының қалақсыз реактивті қозғалтқыштар негізінде жасалған және Sky Magnetar деп аталады. Инженерлер ұшақ «Нью-Йорктен Лондонға небәрі 90 минутта ұша алады»,  дейді.

Бұл шынымен де ғылыми фантастикаға ұқсайды. Magnetar концептінің ұзындығы 112 метр және оның жоғары және төмен жылдамдықта максималды деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін төрт қанатты дизайны бар. Ол зымыранға көп ұқсайды. Concorde ұшағы қызметін тоқтатқаннан кейін аэронавигациялық инженерлер Sky Magnetar сияқты гипер дыбыстық ұшақтарды қайта жасау үшін жарыса бастады. Concorde дыбыс жылдамдығынан екі есе жоғары (2 Mach) жылдамдықпен ұшса да, оның бірнеше кемшіліктері болды.

Концептуалды суреттердегі Magnetar-ға қарасақ, ұшақтың зымыранға ұқсайтынын байқаймыз. Дегенмен Қытайдан Нью-Йоркке жолаушыларды бір сағатта жеткізетін қытайлық аппарат мүлдем зымыранды қайталайды. 

Қытайдың жобасы 7 000 шақырым қашықтықты 60 минутта ұшып өтеді. Жылдамдығы 7 000 км/сағ. Мұндай жылдамдықпен жолаушылар ұшағы ешқашан ұшпаған. Фото Space Transportation сайтынан алынды 

Инженерлер Magnetar сағатына 6 700 шақырым (5 Mach) жылдамдықпен ұша алатынын айтады. Бұл Concorde пен Ту-144 ұшақтарының жылдамдығынан 3 есе жылдам. Мұндай техникалық сипаттар гипер дыбысты ұшақты олардан да айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Америкалықтардың Х-59 QueSST аппараты. Фото NASA сайтынан алынды

Қалақсыз Dyson реактивті қозғалтқышы ауа ағынын, төмен температуралардағы асқын өткізгіш магниттерді, жану камерасын, плазмалық камераны басқаруға арналған жылжымалы диффузордың арқасында гипер дыбысты жылдамдықтар үшін турбожелдеткіш қозғалтқышты зымыран қозғалтқышына айналдыруға қабілетті.

Әрине, бұл гипер дыбыстық ұшақ әлі де концепция түрінде ғана. Алайда қазіргі технологиялық мүмкіндіктерді ескерсек, Астанадан Лондонға 60 минутта ұшып барғысы келетін жолаушылар 2-3 жыл ғана күтеді деп үміттенеміз. 

Бұл алыс сапарларды қиындықсыз өткізуге берілетін жақсы мүмкіндік. Бірақ "5 Mach жылдамдықты жолаушылар көтере ала ма?" деген сұрақ туындайды. Осы проблеманы ұшақ конструкторлары шешетін болса, онда біздің ұзақ саяхаттарымызда үлкен өзгерістер болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.