Әлеуметтік желіде тегін балмұздаққа таласқан балалар мен ата-аналардың видеосы тарады.
Бірін-бірі таптап жатыр: Балалар күнінде алматылықтар тегін балмұздаққа таласқан
620
оқылды

Желі қолданушылары олардың бұл қылығына ашуланып жатыр, -–деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кеше Халықаралық балаларды қорғау күнінде біраз жерде тегін балмұздақ таратып, ұйымдастырушылар балаларды қуантты.

Алайда Instagram парақшалардың бірінде тегін балмұздаққа таласқан балалар мен ата-аналардың видеосы пайда болды. Ол Алматыдағы демалыс орындардың бірінде болған. 

Видеодан бір емес, бірнеше балмұздақтан алып алған адамдарды көруге болады. Олардың бұл әрекеттері желі қолданушыларын ашуландырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.