Сотталушының кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденген.
Әйел мен екі баласын өлтіріп, өртеп жіберген: Алматы облыстық сотында аса ауыр қылмысқа үкім шықты
709
оқылды

Алматы облысында әйелді және оның екі баласын өлтіріп, үйін қасақана өртеп жіберген ер адамға қатысты үкім шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш кісіні өлтіру бойынша қылмыстық істі қарады.

Бұл ер адам мас күйінде серіктесі мен оның екі баласын пышақтап өлтірген. Сосын үйдің есігін құлыптап шығып кеткен. Бірақ кейін оралып, 40 мың теңгені алып, үйді өртеп жіберген. Сөйтіп, ізін жасырған қылмыскерді таныған оқырмандар казинода жүретінін айтып, полицейлердің тез арада тауып алуына септескен.

"Сот сотталушыны өзіне тағылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті", – деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.