Белгілі журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзгенің пікірін ойлап жүруге өмірдің тым қысқа екенін еске салатын пост жариялады.
"Осы сәт қайтып келмейді": Ләйлә Сұлтанқызы өмір қысқа екенін айтып, әсерлі жазба жариялады
8,964
оқылды

Белгілі журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзгенің пікірін ойлап жүруге өмірдің тым қысқа екенін еске салатын пост жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Осы сәт қайтып келмейді. Уақытыңды бос уайымға құртпа.

Эксклюзив десем... Негізі осындай дүниелерді салуға ыңғайсызданатынмын. «Жасыма сай ма?», «Ұят емес пе?», «Өзгенің қытығына тимей ме?» деген сұрақтар мазалайтын. Бірақ былай қарап тұрсаң өмір менікі ғой…
Осыдан түйетін ой, пенденің емес, Жаратқанның алдындағы абыройды бірінші орынға қойған әлдеқайда дұрыс. Сіз жүрген ізбен аяқ баспағандар сізді бәрібір түсінбейді. Өзім де өзгені албаты сынамаймын сондықтан. Қысқасы, қып-қысқа ғұмырымыз мәнді, мағыналы болса болды емес пе?», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Оның бұл сөздері көпшілікті ойландырмай қоймады.

«Керемет, Ләйлә ханым», «Не деген сұлулық», «Өте керемет сөздер» деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.