19 жастағы суретін жариялаған Тамара Асар елді өзіне қаратты.
Керемет болдым деп жүрген кез: Тамара Асардың бойжеткен кезіндегі фотосы жарияланды
17,882
оқылды

Қазақстандық эстрада жұлдызы Тамара Асар желіде жас кезіндегі суретін жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды, –  деп жазады Aikyn.kz.

Өнер иесі жастық шағын еске алып, Instagram-дағы парақшасында мұрағаттық суретін жариялаған. Қалың көпшілік өнер иесінің табиғи сұлулығына тәнті болған.

Онда өнер иесінің гүл шоғын ұстап тұрғанын көруге болады.

Әншінің сөзінше, аталмыш фотода ол – 19 жаста.

"Балғын кез. 19 жас. Қалың қасымды дым қалдырмай жұлып, өзімше "керемет болдым" деп жүрген кез болу керек", –  деген жазба қалдырды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары өнер иесінің жас кезіндегі суретіне тамсана қарап, оған жылы лебізін білдірген. "Қасы қандай?! Қарақат көзі қандай?!", "19 жасыңыздан қазіргі жасыңыздың көп айырмашылығы жоқ. Ешқандай қартаймағансыз", "Майысқаныңыздың өзі қандай керемет! Бойыңыздан әрдайым қазақ қызына тән ұяңдық сезіліп тұрады. Өте керемет табиғи сұлу жансыз ғой", "Балбыраған балғын кездер-ай, жалт-жұлт жанған қара көздер-ай", "Өте сұлусыз", "Қандай әдемісіз", –  деп жазуда көпшілік.