Әнші "Қойшы балаға" ескерту жасап, оған деген ренішін жеткізген.
"Қайта кірер есігіңді қатты жаппа": Жігер Ауыпбаев "Қойшы балаға" ескерту жасады
Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official
1,564
оқылды

Қазақстандық танымал әнші Жігер Ауыпбаев өзі продюсерлік еткен "Қойшы балаға" ренішін білдірді. Шәкіртінің Tik-Tok желісінде айтқан сөздері өнер иесінің көңіліне қатты тиген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жігер Ауыпбаев пен "Қойшы бала" бүгінде бірге жұмыс істеуді тоқтатып, тіпті араласпай кеткені белгілі болды. "Қойшы бала" Tik-Tok желісінде тікелей эфирге шығып, бұрынғы продюсері туралы айтты.

"Ол (Жігер Ауыпбаев) мені атым шығып, таныла бастаған кезде алып кетті. Ауылда танылмай, қой бағып жүргенде алып кетсе, онда дұрыс еді, – деді ол.

Шәкіртінің бұл сөздері Ауыпбаевтың көңіліне қатты тиген. Әнші "Қойшы балаға" ескерту жасап, оған деген ренішін жеткізген.

"Ауылдан Алматыға алып келіп қанатымның астына алып, қаншама талантты іні-қарындастарымды армандап жүрген сахналарға жетектеп шығарғанымды қайтейін. Ең өкініштісі, көпшілік көріп куә болып жүрген кішігірім еңбегімді елемегенің. Сенің алар асуларың әлі алда еді, Айдосжан. "Қайта кірер есігіңді қатты жаппа", "Ішкен құдығыңа түкірме" дейді қазақ. 3 жыл үйімде тұрып, асымды ішіп келіп тиктоктың тікелей эфирінде көпшілікке айтып отырған әңгімеңді естіп, көріп, мен ұялып отырмын. Мен сен жайлы айтар болсам өнер жолыңдағы болашағыңды былғап аламын ба деп қорқамын. Ақылың бар ғой, балақай. Артық әңгімені қоя ғой. Бұл ескерту деп қабылдай ғой. Мен сені інім, шәкіртім ретінде жақсы көремін. Сол қадіріңді кетірмей-ақ қой", – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.