Астана қаласының әкімдігі Ашық НҚА порталында бас қаланың жаңа ауданының атауы жөніндегі қаулы жобасын жария талқыға ұсынды.
Астананың жаңа ауданы атауы қалай аталуы мүмкін
585
оқылды

Құжатқа сәйкес, жаңа ауданға "Сарайшық" атауын беру көзделген, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана қаласында құрылған жаңа ауданға "Сарайшық" атауы берілсін, – делінген Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихат шешімінің жобасында.

Еске салайық, бұған дейін Астананың жаңа ауданына бірнеше атау ұсынылды. Алғашқы талқылаулар кезінде мамандар "Тұран" атауына тоқтаса, кейін Сарайшық, Тұран, Сауран және Жерұйық деген төрт нұсқа ұсынылып, көпшілік "Сарайшықты" қолдап дауыс берді.

Жаңа аудан Алматы ауданын екіге бөлу арқылы құрылады. Қазір Алматы ауданының аумағы 15 471 гектарды құрайтын болса, оның 6953 гектары жаңа ауданға өтеді. Сәйкесінше, Алматы ауданының жаңа аумағы 8518 гектарға тең болады.