Оқиға орнынан 11 келіден астам мефедрон табылып, тәркіленді. 
Шымкентте есірткі зертханасы жойылды
Фото: polisia.kz
1,312
оқылды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел шараларды өткізу нәтижесінде Шымкентте есірткі заттарын дайындауға арналған зертхананы анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаратау ауданының аумағында орналасқан үйді тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар, салмағы 2 тоннаны құрайтын прекурсорлар мен 11 келіден астам мефедрон табылып, тәркіленді. 

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. 

Атап өтейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі тәркіледі, оның ішінде 20 келі синтетикалық есірткі болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.