Туыстарында қонақта болған әйел алкогольдік ішімдік ішіп, бұрынғы күйеуімен жанжалдасып қалған.
СҚО-да күйеуін пышақтап өлтірген әйел 3 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com
568
оқылды

СҚО-да мас күйде күйеуін пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Солтүстік Қазақстан облысының МАҚС-да алқабилердің қатысуымен бұрынғы күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі).

«Алқабилер айыптауды ҚК-нің 99-бабынан (Кісі өлтіру) 104-баптың 1-бөліміне өзгертті (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу). Жасалған қылмыстың мән-жайын ескере отырып, сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Кінәні ішінара мойындау, соттылығының болмауы және сотталушының оң мінездемелері жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Ауырлайтын мән-жайлар – мас күйінде қылмыс жасау», – делінген ақпаратта.

Белгілі болғаны, туыстарында қонақта болған әйел алкогольдік ішімдік ішіп, бұрынғы күйеуімен жанжалдасып қалған. Жеке өшпенділік қарым-қатынастан алкогольдік мас күйінде ол өзінің бұрынғы күйеуін тікелей өлтіруді көздеген.

Әйел адам оның алкогольдік масаң күйде болғанын пайдаланып, тиісті қарсылық көрсете алмаған соң, асхана пышағымен оның кеуде тұсынан ұрған. Ер адам пышақ жарақатынан сол жерде қайтыс болған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.