Ресейлік дәрігер-нутрициолог Игорь Строков ағзаға ауыр болмайтын тағамдардың тізімін атады.
Нутрициолог күннің ыстығында қандай тағамдарды жеу керегін айтты
1,418
оқылды

Оның айтуынша, асқазанның дұрыс жұмыс істеуін бұзатын, яғни ас қорытуын қиындататын негізінен қуырылған әрі майлы тағамдар екен. Ең әуелі сондай тағамдардан бас тартуымыз керек.

Біріншіден, бойында нәрлі әрі сулы жеміс-жидектерді жегеніңіз дұрыс. Атап айтсақ, қарбыз, қауын, қияр, шабдалы және апельсин. Ал көкөніс пен шөп-шалаңнан қызанақ пен балдыркөк, шпинат пен салатты жесе болады.

Үшіншіден, йогурт пен айранды үзбеуіміз керек. Бұл тағамдар ағзаны салқындатып қана қоймай, ішек жұмысын реттейтін пробиотикпен қамтамасыз етеді. Ал жаз кезіне балық және теңіз өнімдері өте қолайлы тағам. Оған қоса, жазда түрлі смузи және жеміс коктейльдері адамды сергітіп қана қоймай, ағзаны қажетті дәрумендер мен минералдармен толтырады. Аз мөлшерде дәнді дақылдар, яғни миндаль секілді жаңғақ жесе де жаман емес. Сонымен қатарокрошка мен гаспачо сияқты салқындатылған көжелер де ағзаға өте пайдалы.