Үлкен мейрамдарда болатын отшашу көлемі де, құны да жылдан жылға өсіп келеді. Отшашу мерекелік көңіл күйді көтереді дегенге сенесіз бе?
Мейрам күні атылған отшашу құны 2 миллиард доллар болған
Мыңдаған балалар мен ересектерге жақсы эмоция сыйлау құнын ақшамен есептеу қиын шығар. Фото gov.kz сайтынан алынды
4,266
оқылды

QUARTZ сайтында жарияланған мақалада Тәуелсіздік күніне орай америкалықтар 2,4 млрд доллар тұратын отшашу атқанын жазды. Aikyn.kz отшашудың соншалықты қымбат болғанын түсіндіреді.

Американың ең маңызды мерекесі – 4 шілдеде атап өтілетін Американың Тәуелсіздік күні. Бұл күнді тойлаудың міндетті дәстүрі – патриоттық отшашу ату. Фото brunofuga.adv.br сайтынан алынды

Америкалықтардың патриот, отансүйгіш ұлт деп саналады. Американың ең маңызды мерекесі – 4 шілдеде атап өтілетін Американың Тәуелсіздік күні. Бұл күнді тойлаудың міндетті дәстүрі – патриоттық отшашу ату. Отшашуда америкалық тудың үш түсі қолданылады.

Американың Тәуелсіздік күніне арналған отшашу тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлап, қоғамды біріктіру идеясына негізделген. Бұл күнгі отшашу әлемдегі ең ауқымды, әсерлі пиротехникалық шоулардың бірі деп бағаланады.

Бұл дәстүрдің бір ерекшелігі – мереке мемлекеттік болғанымен, мереке құрметіне арналған отшашуды тек жеке компаниялар қаржыландырады. Жалпы, 4 шілдеде АҚШ-та шамамен 14 мың үлкен отшашулар мен сансыз шағын отшашулар іске қосылды.

АҚШ тәуелсіздігін тойлаған 4 шілде күні атылған отшашу құны 2,4 миллиард доллардан асқан. Фото techcult.ru сайтынан алынды

Алдымен бұндай қымбат отшашу құны АҚШ-та сатылған отшашулардың жалпы жиынтық құнын көрсетеді. Америкалық отшашулар қауымдастығының мәліметі бойынша, биылғы жылы елдің тәуелсіздігін тойлаған 4 шілде күні атылған отшашу сатудан түскен қаржы 2,4 миллиард доллардан асқан. Тәуелсіздік күні аспанға отшашу ату америкалық мейрамның ажырамас бөлігі деп саналады. 

2024 жылғы отшашу сатылымы пандемияға дейінгі 1 миллиард долларлық көлемнен 2,4 есеге өскен.

Америкада биылғы отшашуларды пайдалану рекордтық көрсеткішке жеткен, өйткені 4 шілде ұзақ демалыс күндерінің алдындағы бейсенбіге келеді. Фото techcult.ru сайтынан алынды

Сауда қауымдастығы инфляцияның жоғары болуы, сатылым тізбектерінің тұрақсыздығы бұл нарыққа қатты әсер ете қоймаған сияқты. Отшашулар COVID-19 пандемиясының шарықтау кезіндегі бағамен салыстырғанда тұтынушылар үшін 5%-дан 10%-ға дейін арзан болған.

Америкалық отшашулар қауымдастығының атқарушы директоры Джули Л. Хекманның айтуынша, биылғы жылы отшашуларды пайдалану рекордтық көрсеткішке жеткен, өйткені 4 шілде ұзақ демалыс күндерінің алдындағы бейсенбіге келеді.

Хекман «бағасы төмен болса да, тұтынушылар отшашуды пайдаланған кезде қауіпсіздікке басымдық беріп, оларды тек заңды рұқсат берген орындардан сатып алу керектігін» ескерткен.

Ал үлкен ауқымда қолданылатын «кәсіби отшашуды пайдалануды тиісті дайындықтан өткен және сертификатталған адамдарға жүгінуге» кеңес береді.

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті алдында (3 шілде) үлкен отшашу болды. Фото liter.kz сайтынан алынды. Авторлығы:  inform.kz

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті алдында (3 шілде) үлкен отшашу болды. Астаналықтар мен қонақтарға керемет көңіл күй сыйлаған 5 минутқа созылған отшашуға миллиард емес, бірнеше мың доллар жұмсалған болар. Бұны өзін-өзі ақтаған шығындар деп ойлаймыз. Өйткені, мейрамдарда балалар мен ересектерге жақсы эмоция сыйлау құнын ақшамен есептеу мүмкін емес шығар. 

Астана күні құтты болсын!

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.