Жібек ITF турниріндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңімпаз атанды
Фото: ҰОК
1,835
оқылды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA 472) Сербияда өткен ITF W15 санатындағы турнирде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, финалда қазақстандық спортшы швециялық Лиза Цаарды жеңді. Үш сетке созылған кездесу 2:6, 6:4, 6:2 есебімен аяқталды. 

Осылайша, Жібек ITF турниріндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.