2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.
Спортты дамыту дирекциясының басшысы 40 млн теңге ұрлаған
Фото: видеодан кадр
2,351
оқылды

Астана қаласында "Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған. Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есеп тапсырған. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады. 

ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов (суретте) осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. 

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды. 

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»    Telegram  арнасынан таба аласыз.