Шымкент қаласындағы жергілікті тұрғындар «Көл» атап кеткен демалыс аймағы бірнеше жыл­дан бері қараусыз қалған болатын.
Демалыс аймағы ел игілігіне берілді
613
оқылды

Шымкент қаласындағы жергілікті тұрғындар «Көл» атап кеткен демалыс аймағы бірнеше жыл­дан бері қараусыз қалған болатын. Сенбі күні осы нысан ел игілігіне берілді. Қала әкімі  Ғабит Сыз­дықбеков жаңа алаңда болып, жер­гілікті тұр­ғындардың қуанышымен бөлісті.

Жылдар бойы қараусыз қал­ған аумақ заманауи талапқа сай абаттандырылып, халықтың сер­уен алаңына айналды. Қала әкімінің тапсырмасы аясында нысанда қалпына келтіру жұ­мыстары жүргізілді.

Көлдің түбі тазаланып, айналасы абаттандырылды. Кө­гал­дандырылған аумаққа озық үлгідегі жарық жүйелері жүр­гізілді. Су қоймасы толтырылып, субұрқақтар іске қосылды. 950 шаршы метрге бетон төс­еліп, 350 шаршы метр гранит жаң­аланған.

Сонымен бірге осы күні  үш­інші мегаполис басшысы тұр­ғындармен бірге заманауи тал­ап­қа сай абаттандырылған балалар теміржолы аумағын аралады. Мегаполис басшы­сының тапсырмасымен, қарау­сыз қал­ған аумақ жан-жақты зер­делен­іп, жаңа серуендеу аймағы­ның тұжырымдамасы дайындал­ған болатын. Жоба бойын­ша ха­­­­лық­қа қолайлы, серуенге ың­ғайлы, қауіпсіз аймақ жасау қарасты­рылғанды. Сонымен қатар спорт­тық алаң­шаларға да орындар қарастыр­ылған.

Орталық стадионнан Дендро саябаққа дейінгі шамамен алты шақырымды құрайтын жолда жүгіру және велосипед жолдары, воркаут-алаңдары бар. Осы алты шақырымдық жол түгел ас­фальт­талған. Ал­дағы уақытта азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін мұнда бейнекамералар орнатылады, сондай-ақ турполиция тәулік бойы тұрғындар­дың қауіп­сіздігін қамтамасыз етеді. Келешекте нысанның тарихи келбеті сақталуы үшін стансаларға жаңартылған вагондар қойыла­ды.

Сонымен қатар жол бойы­­­нан халықтың игілігі үшін кофе іш­етін орындар ашылады.

Айта кетейік, нысан демеушілер есебінен жасалынып жатыр. Қалада бұған дейін үш ны­сан демеу­шілердің көмегімен халық игілі­гіне берілген болатын.

Бұл жұмыстар бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі аясында атқарылды. Қала басшысы тұрғындармен кездесіп, ­демалыс аймағын таза ұстап, ұқ­­ыпты қарауға шақырды.

 

Шымкент қаласы 

Назгүл НАЗАРБЕК