Ол 2023 жылдың сәуірінде өзінің 14 жастағы қызының 20 жастағы жігіттен жүкті екенін білген.
Ақмола облысында 14 жастағы қызының жүкті екенін жасырған ана сотталды
Ашық дереккөз
902
оқылды

Әйел полицияға жүгінудің орнына қызына жасанды түсік жасататын дәрілер сатып алған, деп жазады Aikyn.kz.

Алайда дәрілер жүктіліктен арылуға көмектеспегендіктен, әйел қызын жасанды түсік жасату үшін Астанадағы жеке емханаға әкелген.

Жеке емханадағы дәрігер-гинеколог жасанды түсік жасаудан бас тартып, оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған.

"Жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және асырауында екі кәмелетке толмаған баланың болуын ескере отырып, сот үкімімен сотталушы қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", – делінген сот хабарламасында. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.