Президент өзінің жаңа сұхбатында егер ол «денсаулығына байланысты жағдайларға» тап болса, сайлауға қатысу шешімін қайта қарауы мүмкін екенін айтты. Жасы келген адамның денсаулығының нашарлауын тұтас қоғам талқылауда.
Президент «денсаулығына байланысты» сайлауға қатыспауы мүмкін
Президент «денсаулығына байланысты» сайлауға қатыспауы мүмкін екенін айтты. Фото seniorgroup.ru сайтынан алынды
2,061
оқылды

CNBC телеарнасы жасы ұлғайған Президент өзінің жақтастарының қысымына тап болғанын жариялады. Бұл саяси күрестің астарын Aikyn.kz осы материалға сүйеніп талдайды.

Дональд Трамп Республикалық партияның атынан президент сайлауына үміткер ретінде ресми түрде ұсынылды. Фото ria.ru сайтынан алынды. Авторлығы: AP Photo / Rebecca Blackwell

81 жастағы Байден 78 жастағы Трамппен болған сәтсіз пікірталастан кейін өз партиясының мүшелерінің қатты қысымына ұшырады.

Жаңа сұхбатында АҚШ президенті Джозеф Байден «егер ауырып қалып, біреулер, дәрігерлер маған келіп, «сізде бұл мәселе бар, бұл проблема» десе, президенттік сайлауға қатысу туралы шешімін өзгертетінін айтқан.

Сәрсенбі күні таңертең (17 шілде) Сенаттағы Калифорнияға бөлінген екі орынның біреуін қараша айында жеңіп алуға зор мүмкіндігі бар Адам Шифф президент Байденді отставкаға кетуге шақырған.

Джозеф Байденнің орнына Демократиялық партия басқа жас үміткер ұсынуы да мүмкін. Бұл болжамды кеше (17 шілде) Байденнің коронавируспен ауырып қалғаны күшейте түсуде. Фото rbc.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / Samuel Corum

Қазіргі президенттің маусымда өткен сәтсіз дебатынан және соңғы апталарда жауаптарға дұрыс жауап бере алмай шатасуларынан кейін оның партиялық одақтастарында «Байден Трампқа қарсы тиімді науқан жүргізе ала ма, тағы төрт жыл қызметте қала ала ма?» деген алаңдаушылықтар туғызуда.

Өзінің сәтсіздігін Байден суық тигізіп алғанын, ауыр халықаралық сапардан кейін шаршағанымен түсіндіргісі келген. Ол демократтарды дәрігерге қаралғанын және денсаулығының жақсы екенін айтып уақытша болса да сендірген. Ақ үйдің дәрігері Кевин О'Коннор болса ақпан айында Байденді «сау, белсенді, 81 жастағы мықты адам» деп сипаттады.

Байден болса өзінің нашар көрсеткіштерін бірнеше рет мойындады: «Мен бүкіл пікірталаста өрескел қателік жібердім», – деді ол бір сұхбатында.

Құлағынан жараланған Дональд Трамп болашақ вице-президент 39 жастағы Джеймс Дэвид Вэнсті құттықтауда. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторы: Elizabeth Frantz 

Бүгінге дейін президент пен оның сайлауалды штабы оның отставкаға кетуі туралы үндеулерді қабылдамады және Байден Трампты жеңе алатын мықты демократ кандидат екенін айтуда. Қазіргі президент Байденнің алдағы сайлауда жеңу мүмкіндіктері  Дональд Трампқа жасалған қастандықтан кейін күрт төмендеп кетті.

Дональд Трамп болса Республикалық партияның атынан президент сайлауына партия атынан үміткер ретінде ресми түрде ұсынылды. Бұл шешім 15 шілдеде Республикалық партияның Ұлттық съезінде жарияланды. Трамп жеңіске жеткен жағдайда өзінің вице-президенті болып Огайо штатынан сайланған республикашыл сенатор Джеймс Дэвид Вэнсті ұсынатынын мәлімдеді. Ал Республикалық партияның атынан үміткер болуға өзінің келісімін Дональд Трамп бүгін (18 шілде) партия съезінің үшінші күні жариялайтын болады.

Жақын айларда АҚШ президентін сайлау науқаны шиеленісе түсетінін, түрлі күтпеген оқиғалар болуы мүмкін екенін сарапшылар болжауда. Джозеф Байденнің орнына Демократиялық партия басқа жас үміткер ұсынуы да мүмкін. Біздің бұл болжамды кеше (17 шілде) Байденнің қайталап коронавируспен ауырып қалғаны да күшейте түсуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.