Олар демалыс аймағынан шығып кеткен.
Жетісуда адасып кеткен екі бала табылды
566
оқылды

ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысында балаларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Алакөл көлі жағалауында екі бала ересектердің қарауынсыз қалған.  2017 және 2018 жылдары туған екі бала демалыс аймағының аумағынан өз бетінше шығып, адасып қалған.

Іздестіру операциясы барысында балалар демалыс орнынан 1,5 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауынан табылды. Құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды. Оларға медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.