Айтуынша, ойламаған жерде жоспардың бәрі өзгерді.
Жанболат Найзабеков аяғын сындырып алды
2,171
оқылды

“Өнер қырандары" театрының әртісі Жанболат Найзабеков аяғын сындырып, төсекке таңылып қалды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

“Адам жоспар құрады. “Ертең ана жаққа барам, мына жаққа барам” деп айта береді. Бірақ Алланың саған құрған жоспары басқа екен. Оқыс аяқ асты деген осы екен-ау. Аяқ сынады деп кім ойлаган?! Ойламаған жерден осылай болып қалды. Жоспарлар быт-шыт болды, енді екі апта осылай жатамын”, – деп жазды актер. 

Одан кейін сөйлегенде абайлап, ойланып сөйлеу керегін де айтып өтті. 

“Жалпы ауызға ие болу керек екен. “Бір он күн үйден шықпай жатсам ғой демалып” деп едім, “Мә, саған” деді ғой. Алып койған тойларымнан, келісіп койған съемкаларымнан, кездесулерімнен кешірім сұраймын. Әдейі емес! Алла қаласа бәрі жақсы болады. Дұғада болыңыздар!”, – деді әзілкеш. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жанболат Найзабеков (@cocojanbo88)