Қазақстан командасы спорттың 25 түрінен 80 спортшыны жарысқа қосады.
Қазақстандық спортшылардың алғашқы легі Парижге табан тіреді
641
оқылды

Қазақстандық спортшылардың алғашқы легі Олимпиада ойындарына қатысу үшін Парижге жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олимпиада ауылы Париждің солтүстік жағында орналасқан, аумағы 52 гектарды құрайды. Инфрақұрылымда қажеттінің бәрі бар: 40 тұрғын үй, жаттығу корпустары, емхана, асхана және басқа да нысандар. Атлеттердің көңіл көтеруіне арналған клубтар да бар, – деп мәлімдеді Olympic.kz. 

Команда мүшелерінің бірі Ильфат Абдуллин қазақстандық олимпиадашылардың қалай өмір сүретінін әңгімелеп берді. 

"Біз бүгін таңертең жайғастық. Тек таңғы ас ішіп үлгердік. Біздің команда Қазақстан құрамасы сапынан алғаш боп орналасты. Енді қалған спортшыларымызды қарсы аламыз. Жағдай жақсы. Олимпиада атмосферасы керемет сезіледі. Бәрі әдемі әрі жайлы. Асхана жайлы толық ештеңе айта алмаймын. Әзірге, мәзірмен толық таныспадық. Мұнда бәрі бар деп ойлаймын. Одан бөлек, қосымша тамақтану орындары, кофеханалар бар», – дейді Абдуллин. 

Оның айтуынша, тұрғын үйлер жайлы әрі ыңғайлы. 

«Номерде бізге керектінің бәрі бар. Тек кондиционер жоқ (күлді). Десе де, Олимпиадалық ауылдағы жағдайдың жақсы екенін айтқым келеді. Еріктілер жақсы көмектесіп жатыр», – дейді спортшы. 

Олимпиадалық ауылда 14,5 мыңдай адам тұрады. Оның ішінде 9 мың спортшы бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.