Заң бойынша кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақтауда алимент төлемеген борышкер сотталды
1,134
оқылды

Ақтау қаласының прокуратурасымен алимент бойынша берешегі 3 млн теңгеден асатын А. есімді азаматқа Қылмыстық кодекстің 139-бабы  1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

05.07.2024 жылғы соттың үкімімен А. есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.