Бектенов әкімдіктердің құрылыс жұмыстарының уақытылы және сапалы жүргізілуіне күнделікті бақылауды күшейту керегін айтты.
Премьер-Министр Олжас Бектенов әкімдерге ескерту жасады
704
оқылды

Жиында сөз сөйлеген Үкімет басшысы ауыл медицинасына жаңа медициналық мекемелерді жаппай енгізу және медицина кадрларының белсенді ағыны қажет екенін атап өтті.

"Әкімдіктер барлық нысанның құрылыс жұмыстарының уақытылы және сапалы жүргізілуіне күнделікті бақылауды күшейту қажет. Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Жетісу облысы  әкімдерінің назарын аударамын. Әсіресе, солтүстік өңірлер үшін құрылыс маусымы жақын арада аяқталатынын ескеру қажет", – деді Премьер-Министр.

Премьер-Министр барлық нысан белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екенін атап өтті.