Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды.
Рудныйда үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Фото: ТЖМ
838
оқылды

Рудныйда үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Қостанай облысының Рудный қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған. 

Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды. 

ТЖМ ескертеді: 

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз; 

Москит торлары құлаудан қорғамайды; 

Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.