Дәстүрлі спортшылар шеруі биыл әлдеқайда басқаша форматта өтеді.
Париж Олимпиадасының ашылуы: тікелей көрсетілімді қайдан көруге болады?
Фото: ҰОК
609
оқылды

Бүгін, 26 шілде күні 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, салтанатты рәсім бұрынғы Олимпиадалардан өзгерек болмақ. Дәстүрлі спортшылар шеруі биыл әлдеқайда басқаша форматта өтеді. Атап айтар болса, шеру стадионда емес, өзенде өтпекші. Спортшылар делегациясының шеруін Париждегі Сена өзені қабылдайды. 

Әрбір құрамаға арнайы қайық бөлінеді (қайық саны 100-ге жуықтауы мүмкін. Себебі, бірқатар құрама бір қайыққа сыймайды). Ал өзен жағалауынан шеруді жанкүйерлер тамашалай алады. Спортшылар қайықпен алты шақырым жүзеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шеру Париж тарихы мен архитектурасына визуалды саяхат болмақ. 

Шеру Трокадеро алаңының маңында аяқталады. Мұнда ашылу салтанатының келесі бөлігі   - Олимпиада алауын жағу рәсімі өтеді. 

Шоуды франциялық театр режиссері әрі актер Тома Жолли дайындаған. Қойылымға 3000-ға жуық әртіс қатысады. Сондай-ақ, әншілер Селин Дион мен Леди Гага өнер көрсетеді деп жоспарланған. 

Қазақстан уақытымен тікелей көрсетілім сағат 22:30-да Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly және "Хабар" арналарынан көрсетіледі. 

Айта кетелік, боксшы Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова еліміздің туын ұстап шығады.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram    арнасынан таба аласыз.