Ол Nike жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген.
Таразда күдікті полиция учаскесінен қашып кетті
instagram.com/zhambyl_police
662
оқылды

Жамбыл облысының Полиция департаменті Тараз қаласының аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін ұсталған күдіктінің қашып кеткенін хабарлады, - деп жазады Aikyn.kz.

Оған іздеу жарияланды.

Күдікті 03.11.1995 жылы туған Қанат Доғдырханұлы Бекен полиция бөліміне жеткізілген соң дәретханағ шығып, одан әрі қашып кеткен.

"Белгілері: бойы – 168 см, дене бітімі – арық, қара шашты, беті сопақша, құлағы үлкен, сәл қалқиған, орташа мұрынды, сол жаққа қисайған, ерні үлкенірек. Күдікті Nike жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген", – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.