Ғылымға шын берілген қарапайым болмысымен бітіктас білгірі атанды.
Мемлекет басшысы академик, белгілі түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлының жақын туыстарына көңіл айтты
541
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті тарихшы, этнограф ғалым, шығыстанушы, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қаржаубай Сартқожаұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Қаржаубай Сартқожаұлы бар саналы ғұмырын түркі дүниесінің тарихын түгендеуге, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге арнаған зерделі ғалым болды. Ғылымға шын берілген қарапайым болмысымен бітіктас білгірі атанды. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Қарымды қаламгер ретінде оқырман қауымға ойлы шығармалар ұсынды. Соңына рухани мол мұра қалдырған Қаржаубай Сартқожаұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.