Олимпиада ойындарының екінші күнінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 1 алтын және 2 қола жүлдені қоржынға салды.
Париж Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде нешінші орында?
Фото: Тұрар Қазанғапов
2,294
оқылды

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 7-орында тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Олимпиада ойындарының екінші күнінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 1 алтын және 2 қола жүлдені қоржынға салды.

Оңтүстік Корея спортшылары жалпы есепте бірінші орында. Қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар. Екінші орында — Аустралия құрамасы. Олар 3 алтын, 2 күміс жүлде жеңіп алды. Үздік үштікті әзірге 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен Қытай құрамасы түйіндеген.

 Фото:  Qazsport

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.