Қазір жедел-тергеу іс-шаралары, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.
Таразда шенеуніктер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
www.istockphoto.com
1,355
оқылды

ҚМА Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заңбұзушылықтар бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, – деп хабарлайды Аikyn.kz тілшісі.

Қала әкімшілігінің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасау жолымен соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған.

"Аталған азаматтардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залал сомасы 100 миллион теңгеден асады. Қазір жедел-тергеу іс-шаралар, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданады", – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.