Өртенген ферроқорытпа зауытындағылар құтқарушыларды кіргізбеуге тырысып баққан.
Ферроқорытпа зауытындағы апат: құтқарушыларға хабар 2 сағаттан кейін ғана түскен
1,609
оқылды

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ферроқорытпа зауытындағы апат туралы хабар құтқарушыларға 2 сағаттан кейін ғана түскенін мәлім етті. Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

Вице-министр зауыттағылар апат туралы хабарды 2 сағат кешіктіріп бергенін айтады.

«Бұл жерде негізі оқиға таңғы сағат 4:10 кезінде болған. Бірақ, өкінішке қарай, ол хабар бізге 6-дан 8 минут кеткенде түскен. Демек, былай айтқанда, 2 сағаттан кейін түсіп отыр. Ол біздің азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға қайшы келеді. Біздің күш-құралдар ол жерге санаулы минуттарда жетті. Бірақ, өкінішке қарай, сол мекеменің қызметкерлері біздің құтқарушыларды ол жерге кіргізбеуге тырысқан. Сондықтан оларға қазір әкімшілік шара қолданылып жатыр, әкімшілік іс қозғалды. Бұл жерде айта кететін нәрсе, Қазақстан аумағында орналасқан мекемелердің бәрі төтенше жағдай болған кезде өзінің аумағына құтқару күш-құралдарын кіргізуге міндетті. Сондықтан ол мекемеге 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Қазір іс сотқа өтті», – деді Бауыржан Сыздықов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.