Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Семейде екі жасар бала 9-қабаттан құлап кетті
1,138
оқылды

Екі жасар бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға бүгін Семей қаласында болған. 

Қазір дәрігерлер баланың өмірін аман сақтап қалу үшін күресуде. 

Осы ретте ТЖМ тағы да еске салады: 

  • бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз; 
  • терезелерге блокаторларды орнатыңыз; 
  • терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз; 
  • москит торлары құлап кетуден сақтамайды.