Біліктілік қорытындысы бойынша спортшы 29-орынды иеленді.
Суға жүзуден қазақстандық  спортшы Әділбек Мусин жартылай финалға өтпей қалды
Фото: Владислав Семенов
1,003
оқылды

Суға жүзуден қазақстандық спортшы Әділбек Мусин 2024 жылғы Олимпиада ойындарын аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Ол іріктеуде «Баттерфляй» тәсілі бойынша 100 метр қашықтыққа жүзіп, жарысқа түсті.

Әділбек Мусин өзінің тобында бесінші келді. Біліктілік қорытындысы бойынша спортшы 29-орынды иеленді.

Жартылай финалға іріктеуден үздік шыққан 16 спортшы өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.