Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында өзбекстандық Хасанбай Досматовтан жеңіліп қалған.
Қазақ елінің намысын абыроймен қорғай алмадым: Сәкен Бибосынов жекпе-жегі туралы айтты
Olympic.kz
1,055
оқылды

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы жеңілістен соң сұхбат берді, -  деп жазады Aikyn.kz.

«Өкінішке қарай, басты қарсыласымнан жеңіліп қалдым. Осы ойындарға алтын үшін келіп едім. Бірақ қола жүлде де бұйырмады.

Шаршы алаңда барымды салдым. Бірақ төреші қолымды көтерген жоқ. Төрешілікке қатысты ештеңе айта алмаймын. Мен тек ринг ішіндегі жекпе-жекке жауап беремін.

Қазақ елінің намысын абыроймен қорғай алмадым. Қателіктер кетті. Енді осы кемшіліктермен жұмыс істейміз», - дейді Olympic.kz-ке Бибосынов.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында өзбекстандық Хасанбай Досматовтан жеңіліп қалды.