Оларды қостанайлық құтқарушылар балшықтан шығарып алды.
Қостанайда көлге демалуға барғандар батпаққа батып қалған
1,024
оқылды

Өткен түні жауған жаңбыр топырақты шайып, салдарынан Новозаливное көлінде демалған тұрғындар өз бетінше үйлеріне жете алмай қалған,  деп жазады Aikyn.kz.

"Құтқарушылардың күшімен 7 жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп, құтқарылған 19 адам, оның ішінде 3 бала Қостанай қаласына сапарын жалғастырды",  деп мәлімдеді ТЖМ.

Олар медициналық көмекке мұқтаж емес.