Әлемдегі технология мен қаржы-экономика саласындағы басты мәселе – ЖИ-ге негізделген өндірістерді жылдам іске қосу болып отыр. Ал ЖИ-ді дамыту үшін чиптер керек, чип – ЖИ-дің миы.
Жасанды интеллектің миы – Nvidia чиптері туралы
Чиптер нарығының 80%-дан астамын бақылайтын Nvidia ЖИ индустриясының ең үлкен қаржыландырушысы және бенефициары ретінде ерекше орынға ие. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторлығы: Nvidia
1,568
оқылды

Чиптер шығарудағы көшбасшы Nvidia-ның ЖИ-ге негізделген жаңа чиптері кешігіп шығатыны туралы Reuters хабарлады. Aikyn.kz бұл жаңалықтың маңыздылығын ақпарат агенттігінің материалына сүйеніп талдайды.

Nvidia бас директоры Дженсен Хуанг жаңа Blackwell чиптерін таныстыруда. Фото firstpost.com сайтынан алынды

Көптеген сарапшылардың пікірінше, Nvidia-ның ЖИ-ге негізделген жаңа чиптерінің өндірісі кешігіп басталса да, ол сұранысқа көп әсер етпейді. Nvidia іске қосылуының кешігуі нарықта үлкен алаңдаушылықтар туғызды. Дегенмен болашақ жасанды интеллект чиптері туралы қауесет тым әсіреленген сияқты, өйткені бұл сәтсіздік чип алыбының кірісіне немесе нарықтағы сұранысқа айтарлықтай әсер етпеуі мүмкін.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Nvidia Blackwell чиптері Meta Platforms, Alphabet және Microsoft сияқты тұтынушыларға үш ай немесе одан да көп кешігіп жеткізілуі мүмкін.

Соңғы сәтсіздіктерге қарамастан, «сұраныс деңгейінің жақсарып келе жатқаны және барлық негізгі гиперскейлер (үлкен тапсырыс берушілер) өздерінің капиталдық болжамдарын арттыруды жалғастыратыны анық. Қазіргі уақытта Nvidia-ның бәсекелестік терезесі соншалықты үлкен, біз үш айлық кідіріс нарықтағы үлестің айтарлықтай өзгеруіне әкелмейді деп ойлаймыз», – деп жазды дүйсенбіде (5 шілде) Bernstein сарапшысы Стейси Расгон.

Расгон егер кешігу болса, Nvidia-ның ескі Grace Hopper чиптері нарықтағы олқылықтың орнын толтыруға қабілетті екенін айтады.

Жаңа Blackwell B200 GPU графикалық процессорлары. Нарықтағы бағасы – 40 000 доллар. Фото theverge.com сайтынан алынды. Авторлығы: Nvidia 

ЖИ чиптер нарығының 80%-дан астамын бақылайтын Nvidia ЖИ индустриясының ең үлкен қаржыландырушысы және бенефициары ретінде ерекше орын алады. Nvidia бас директоры Дженсен Хуанг мамыр айында Blackwell-дің соңғы ЖИ чиптері екінші тоқсанда шығатынын жариялады. Жасанды интеллект чиптерін жеткізу өте қиын, өйткені Тайваньдағы TSMC сияқты өндірушілер жетілдірілген орнату сияқты күрделі технологияларды кеңейту үшін күресуде.

Nvidia-ның бас қаржы директоры Колетт Кресс мамыр айында Blackwell чиптеріне сұраныс «келесі жылдың көп бөлігінде» ұсыныстан асып түсуі мүмкін екенін айтады.

TD Cowen компаниясының сарапшылары аздаған кешігулер болса да, олар «бұл мәселелер микробағдарлама немесе платформа жаңартулары арқылы шешілетініне сенімді» екенін мәлімдеген. Олардың айтуынша, кешігулер 2025 жылы Nvidia чиптерін көп қажет ететін жаңа деректер орталықтарының сұранысына әсер ете алмайды.

Nvidia өкілі өткен аптада бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап ретінде Hopper чиптеріне сұраныстың өте күшті екенін, Blackwell-дің ауқымды сынағы басталғанын және өндірісті жылдың екінші жартысында ұлғайту жоспарланғанын» мәлімдеген. Чиптер нарығының көшбасшысы бұл сынақтан да өтіп, ЖИ-ге негізделген Blackwell өндірісін жылдам іске қосады деп ойлаймыз. 30 000 доллардан 40 000 долларға дейін бағаланған жаңа Blackwell B200 графикалық процессорлары (GPU, чип) қыркүйек айында үлкен нарыққа ұсынылады деп күтілуде. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.