Осы үшін айыпталған қос азаматша енді алдағы 7 және 8 жылын темір торда өткізеді, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылмақ.
Шымкентте жол жөндеуге бөлінген 99 млн теңгені жымқырған есепшілер сотталды
Фото: istockphoto.com
799
оқылды

Шымкентте жол жөндеуге бөлінген қаржыны қалтаға басқан есепшілер сотталды. Анығырақ айтсақ, аудан әкімдігі мен басқарма бухгалтерлері бюджеттің 99 миллион теңгесін жымқырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

Осы үшін айыпталған қос азаматша енді алдағы 7 және 8 жылын темір торда өткізеді, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылмақ. Осылай деп үкім еткен қаладағы мамандандырылған сот мемлекет мүлкіне қол салғандардың айласын да айтты.

«Асанова мен Бесбаева жалған бухгалтерлік құжат негізінде үлестес кәсіпорындарға қаражатты заңсыз аударуды жүзеге асырды. Сондай-ақ 2023 жылдың ақпан-желтоқсанында нақты жұмыс істемеген тұлғаларға жалақыны жүйелі түрде аударып отырды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.