Бұл – Әлішердің екінші Олимпиада ойындары.
Әлішер Ерғали алғашқы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді
1,440
оқылды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін еркін күрестен ел намысын Әлішер Ерғали қорғады, деп жазады Aikyn.kz.

97 келі салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен күресіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп Батырмырзаев бірінші белдесуінде польшалық Роберт Баранға 4:1 есебімен есе жіберген болатын.

Ал одан 86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков алғашқы белдесуінде АҚШ балуаны Аорон Брукске 3:4 есебімен есе жіберсе, 57 келі салмақта Мейрамбек Қартбай алғашқы белдесуде қырғыз балуаны Бекзат Алмазуулынан 1:4 есебімен ұтылды.