Әлем көз тіккен көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын жамбы атушылардың есімі белгілі болды. Кіл мықтылардың арасында Азия, сондай-ақ әлем чемпиондары жүлдегерлері бар.
Жамбы атудан ұлттық құрама жасақталды
716
оқылды

Іріктеуден іркілмей өткен мер­ген­дер қазір Алатау бөктерінде ше­бер­лігін шыңдауда. Жамбы ату­дан көшпенділер ойындарына ел­дің 4 үз­дік спортшысы қатысады. Олар­дың ішінде әлем чемпионы Ба­тыр Бексауыт байрақты бәсекеге ті­келей жолдама алған. Ал қалған 3 жам­бы атушы өзара іріктеуде анық­тал­ды. Жолдама сарапқа салатын сайыс­қа елдің 10 үздігі қатысты. Олар «ма­жар», «азия», «түркі», «жамбы» стил­дері бойынша бақ сынады. Нә­ти­жесінде, Айтбек Сарыбай, Абзал Тұрлыбеков және Ералхан Айкөз қар­сыластарынан бір бас жоғары болып дүбірлі додаға жолдама ал­ды.  

– Спортшылардың қазіргі  дайын­­­­дығы өте жақсы. Бұл оқу жат­ты­ғу жиындары кей спортқа 4-кезең болса, кей спортқа 5-кезең. Енді жа­­­рыстың өту күніне дейін 2-кезең оқу жаттығу жиындары қалды. Жал­пыкомандалық 1-орын аламыз деген жос­парымыз бар. Сонымен қатар 100-ден аса медаль, оның ішінде 40-тан астамы алтын медаль болады де­ген үміттеміз, – деді «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» дирек­то­рының орынбасары Қарлығаш Рамазанова.

Байрақты бәсекеге жолдама ал­ған спортшылар Алатау бөктерінде ше­берлігін шыңдауда. Мұндағы жат­тығу 18 тамызға дейін жалғасады. Ал көшпенділер ойындары алдындағы қо­рытынды оқу-жаттығу жиыны 27 та­мыз бен 7 қыркүйек аралығында елор­дада өтеді.