Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде найзағай, бұршақ және дауылмен жаңбыр жауады.
Жаңбыр, бұршақ, 6 облыста қатты ыстық: 14 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
5,147
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 14 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде найзағай, бұршақ және дауылмен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында, Түркістан облысының  шөлді аудандарында, батысында қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарының шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Маңғыстау облысының батысында, Алматы облысының оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде,  Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан,  Қарағанды  облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының  батысында, солтістік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.