Желіде бойжеткеннің дәл көлігінің ішінде соққыға жығылғаны айтылған видео пайда болды.
"Көліктің ішінде жігіт қызды ұрған": Алматы полицейлері желідегі видеоға қатысты мән-жайды айтты
631
оқылды

Желіде бойжеткеннің дәл көлігінің ішінде соққыға жығылғаны айтылған видео пайда болды. Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Instagram-дағы kris__p__official парақшасында Алматыда бойжеткенге шабуыл жасалды деген видео жарияланды.

Кадрдағы әйелдің дауысы жігіттің бойжеткенді алдымен супермаркет тұрағынан қуғанын айтады. Бойжеткен көлікке мініп, кетіп үлгергенге ұқсайды. Алайда видеоны түсіріп жатқан әйелдің сөзіне қарағанда, ер адам қызды сонда да қуып жетіп, көлігіне мініп, ішінде ұруды жалғастырған. Бойжеткеннің жылаған дауысы кадрда естіліп тұрды.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл факт бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімінің тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Жағдай анықталуда, құқық бұзушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады",  деп хабарлады ведомство өкілі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.